+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Елордада «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» 12-форумы өтіп жатыр

2019 жылғы 16 қазан 12:03
Бөлісіңіз:
Елордада «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» 12-форумы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» 12-форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанның Қазақстандағы Елшісі: Махатма Ганди – заман адамы Шетелдіктердің Қазақстанға келуін жеңілдету жұмысы қалай жүргізіліп жатыр Қазақстан Беларусь елімен бірігіп, ауыл шаруашылығы машиналарын жасайды

«Қазақстан барлық уақытта «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» форумының рөлін нығайту үшін күш салып келеді. Корея Республикасымен өңір елдерінің ынтымақтастығын дамытудағы айрықша қарым-қатынасымызға Қазақстанның форумға қатысу деңгейін Сыртқы істер министрлеріне дейін көтеруге бастамашылық жасауы дәлел бола алады. Біздің ойымызша, «Орталық Азия – Оңтүстік Корея» форумының алаңы Корея Республикасын Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимылын нығайтуда тиімді тетік қызметін атқарады», - деді форум жұмысын ашқан ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.


Оның атап өтуінше, бірнеше ғасырлық тарихы мен мәдениеттері жақын Орталық Азия елдері бүгінде әлемнің қарқынды дамушы өңірлерінің біріне айналып отыр. Сонымен қатар Орталық Азия елдері дүниежүзінде маңызды стратегиялық жағдайға ие, адами және экономикалық әлеуеті жоғары. Табиғи және өнеркәсіптік ресурстарға да бай.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір елдерімен бауырластық қарым-қатынасты нығайтуға айрықша назар аударады. Біздің мемлекеттеріміздің көшбасшыларының тұрақты кездесулері жақсы дәстүрге айналған. Сенім мен серіктестіктің осы бір жоғары деңгейін айрықша бағалаймыз», - деді М.Тілеуберді.


Айта кетейік, шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Сыртқы істер министрлері, ал Түрікменстан тарапынан Қазақстандағы Елшісі қатысып отыр.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT