Елордада орнатылатын Батырхан Шүкенов ескерткішінің эскиз-идеясына байқау жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады. Елорда әкімдігі осыған арнап үздік эскиз-идеясына байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсыныстарды Birge платформасына оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Ол 2015 жылы 28 сәуірде қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар