+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Елордада «Орбұлақ шайқасы» телехикаясының таныстырылымы өтті

2019 жылғы 11 желтоқсан 20:17
Бөлісіңіз:
Елордада «Орбұлақ шайқасы» телехикаясының таныстырылымы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада шағын қолмен жаудың қалың әскерін ойсырата жеңген қазақ батырларының ерлігі мен елдік жолындағы күресін әйгілеген Орбұлақ шайқасы туралы телехикаясының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда толықметражды мультфильмді түсіруге қанша қаржы керек Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті Түркі киносы күндерінде «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрсетілді

Жоба Тәуелсіздік мерекесіне орай Qazaqstan телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

«Министрлік құрылғалы бері 2016 жылдан бастап «шетелдік фильмдер қаптап кетті деген» мәселені алдымен қолға алдық. Осы жұмыс аясында жылдан жылға отандық телехикаялар санын көбейтіп жатырмыз. Бұл әлемге елдігімізді, дәстүрімізді танытатын нысандардың бір бөлігі деп есептейміз. Келесі жылы мерейлі жылдардың бастамасы болады: Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойы келе жатыр, осындай жақсы жобаларды жалғастырамыз. Көпшілік назарана ұсынылған бұл керемет жоба - бастаманың бірі ғана деп қабыл алыңыздар», - дейді маңызды жобаның жүзеге асуына қолдау білдірген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.


«Орбұлақ шайқасы» 1643 жылы Орбұлақ маңында 50 мың қолға төтеп берген 600 қазақ сарбазы туралы түсірілген алғашқы телехикая.

«Бұл сериал - тарихты түгендеуге қосқан үлесіміз. Телехикая түсірілімдері Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Орбұлақ өзенінде жүргізілді. Келесі жылы Абай мен Әл-Фараби телехикаясы түсіріледі», - дейді «Қазақстан» республикалық телерадио-корпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.


Телехикаяның продюсері бұған дейін «Кейкі мерген», «Тар заман» тарихи туындыларын түсірген Мұрат Бидосов.

«300 спарталық» туралы фильмді бәріміз көрдік, таныспыз. Алайда Салқам Жәңгірдің 600 сарбазы туралы аздап естігеніміз болмаса, шайқастың қалай болғанын екінің бірі біле бермейді. Сол сұраққа жауап беруге тырыстық. Телетуындыға 100-ден аса кейіпкер, 50-ден аса каскадер қатысты», - дейді ол.

8 бөлімді телехикая Qazaqstan ұлттық телеарнасынан 16-17 желтоқсан күндері сағат 14:50-де көрсетіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT