Елордада Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27-28 ақпанда Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді.
«Алтайдың Кербұғысы» атанған заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері өміршеңдігімен, терең сырлы лирикасымен ел жүрегінен өз орнын алған.
«Ауыл хикаялары» драмасы суреткер О.Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады.
Көрермендер өкініш пен қоштасу, қуаныш пен мұң, махаббат пен қимастық сезімін бастан кешіріп, кіші сахнада қойылымның қатысушына айналады. Қойылым сіздің жүрек түбіндегі ыстық сезімдерді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы бір мәрте тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді.
Авторы: Оралхан Бөкей. Режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахмет, суретші –Айнұр Есболатова.
Өтетін орны: NOMAD CITY HALL
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3. Басталуы сағат 19:00
- Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді
- Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды
- Астаналық кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасы туралы: Бизнес үшін жағдай жасалғанына ризамын
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
-
Астанада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады
-
Ақын Күләш Ахметованың бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам