+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елордада өндірістік жарақат саны артқан

2021 жылғы 22 қазан 12:51
Бөлісіңіз:
Елордада өндірістік жарақат саны артқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 6 өңірінде өндірістегі жарақаттардың саны артқан. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айдың қорытындысы бойынша өндірістерде жарақаттану деңгейі 0,15 пайызға дейін төмендеп отыр. Осы аралықта еліміздің кәсіпорындарында 1 062 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, оның ішінде 140 адам қаза тапты. Әрбір жазатайым оқиға бойынша еңбек инспекторлары тергеп тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады», - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ, ол өндірістік жарақаттар әсіресе қай салаларда жиі кездесетініне тоқталды.

«Салалар бөлінісінде қарайтын болсақ, зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кәсіпорындарында – 19 пайыз. Сонымен бірге құрылыс саласында 11,3 пайыз, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында да осындай оқиғалар жиі болып тұрады», - деді Ербол Нұрғалиев.

Оның мәліметі бойынша, биылғы жылдың 9 айы ішінде 6 бірдей өңірде өндірістік жарақаттар айтарлықтай жиілеген.

«Өңірлердің өнеркәсіптік сипатын ескере отырып қарасақ, жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген. Бірқатар өңірде былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда өндірістік жарақаттардың өсуі байқалып отыр. Ақтөбе облысында 54 адамнан 91 адамға дейін, Атырау облысында 21-ден 38 адамға дейін, Қызылорда облысында 32-ден 53 адамға дейін өсіп отыр. Сонымен қатар қатар Нұр-Сұлтан қаласында да өсу байқалды. Зардап шеккендер саны 32-ден 43 адамға дейін жеткен», - деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT