Елордада өндіріс қауіпсіздігіне арналған KIOSH-2019 көрмесі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада KIOSH-2019 көрмесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысып, құттықтау сөзін сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, біздің мемлекетіміздің, Мемлекет басшыларының жүргізіп отырған ең негізгі саясатының бірі - адам капиталын дамыту, жұмысшылардың еңбегін қорғау, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан дүниеде болып жатқан озық тәжірибелерді, технологияларды пайдалануымыз керек. Бүгін 9-шы рет өткізіліп отырған көрменің негізгі мақсаты да - сол. 9 жылдың ішінде осындай көрмелерге 400-ден астам компания қатысып, оған 10 мыңға жуық адам келді», - деді шара барысында министр.
null

Оның атап өтуінше, көрмеге жұмысшыларды қорғауға, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге керекті құрал-саймандар шығаратын компаниялар қатысып отыр. Сонымен қатар, олар көрме аясында өткізілетін шаралар барысында озық тәжірибесімен бөліспек.

«Жыл сайын еліміздегі өндірістік жарақаттану деңгейі шамамен 80 пайызға төмендеп келеді. Қайғылы оқиғалар санының азайғаны да байқалады. Бірақ, өндірісте жарақат алу әлі де бар. Мәселен, өткен жылдың ішінде шамамен 1 500 жарақаттану дерегі тіркеліп, өкінішке қарай 220 адам қаза тапты. Сондықтан біз өндірісте жарақат алу деңгейін барынша төмендету үшін жұмыс істеуіміз қажет», - деді Б.Сапарбаев.
null

Айта кетейік, үш күнге созылатын KIOSH-2019 көрмесіне Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркиядан 40 компания қатысып жатыр. Көрменің экспозициясы өндірушілер мен қорғаныс құралдарын, тоқыма бұйымдарын, жабдықтарды, оңалту және профилактика өнімдерін, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, тәжірибе алмасу және тәжірибе алмасу орталықтарын ұсынды.

Жыл сайын KIOSH көрмесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар