Елордада омбылық суретші Амангелді Шәкеновтың «Дала әуендері» атты көрмесі ашылды

None
None
sp;  АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет орталығында қылқалам шебері Амангелді Шәкеновтың «Дала әуендері» атты көрмесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, «біз бүгін мәдениетіміздегі, Астана өнерінің тарихындағы елеулі бір сәтін басымыздан кешіріп отырмыз. Омбыдан келген бауырымыз Амангелді Шәкеновтің көрмесі өнердің, бейнелеу өнерінің жаңа бір тарихын, жаңа беттерін ашқандай әсердемін», деді.

  Желтоқсанның 10-на дейін жалғасатын көрмеге суретшінің 78 еңбегі мен 40-тан астам этюды қойылған. Оның еңбектері Омбы өңірінің сұлу табиғатын бейнелеумен қатар, қазақтың ұлы тұлғаларының портреттерін, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін шынайы көрсетуімен де ерекшеленеді.

 «Менің шығармаларым туған өлкеме деген ынтызар көңілімді,сүйіспеншілігімді білдіреді. Бүгін ашылған көрменің атауымен бірнеше мәрте іс-шара өткізген болатынмын. Себебі, бұл атау менің ішкі жан-дүниеме етене жақын», дейді А.Шәкенов.

 Ресейдің Омбы облысында дүниеге келген Амангелді Шәкенов ҚР Көркемөнер академиясының академигі, Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ресей Суретшілер одағының, Қазақстан Суретшілер қауымдастығының мүшесі. Қазір Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры болып жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар