Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«IITU Robocon Cames» республикалық бесінші чемпионатына Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары сынға түсуде.

«Чемпионатқа 30 мектеп командалары қатысуда. Arduino негізінде роботтарды бағдарламалау оқушыларды механикалық, инженерлік бағыттарда машықтандырады», - дейді «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова.

Чемпионат төрт жыл Алматы қаласында өтсе, биыл елордада ұйымдастырылыпты. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен оқуға гранттары табысталмақ.

Соңғы жаңалықтар