Елордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао «Қазақстан-Қытай» құбырының қазақстандық учаскесі желілік газ шүмегін іске қосты

None
None
А. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада «Қазақстан-Қытай» газ құбырын іске қосудың ресми салтанаты болып өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Президенті мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Н. Назарбаев пен Ху Цзиньтао салтанатты рәсім барысында «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының қазақстандық учаскесі желілік газы шүмегін Астанадан телекөпір арқылы қосыла отырып, шүріппені символикалық басу арқылы іске қосты.

«Қазақстан-Қытай» газ құбыры «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады. Трансұлттық газ құбырының жалпы ұзындығы шамамен 7 мың 500 шақырымды құрайды. Оның ішінде Қазақстан-Қытай магистральдық газ құбыры учаскесінің ұзақтығы 1 мың 308 шақырым. Қазақстан аумағы бойынша газ құбырының бағыты  Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары арқылы өтеді.

Соңғы жаңалықтар