Елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

None
None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ертең, шілденің 2-інде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптық кеңес «Нұрсұлтан Назарбаев: бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы» атты кітаптың тұсаукесерін өткізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына орай жарық көрген басылым елорда күні мерекесіне арналады.

Тұсаукесерге ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Әшімбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, кітаптың авторлық ұжымы, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптық кеңестің мүшелері, мемлекеттік орган, жоғары оқу орындары, этномәдени бірлестік және БАҚ өкілдері қатысады.

Аталған кітапта шетелдік қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың Қазақстандағы ұлттық саясаттың даму үдерісіне, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісіне қатысты айтқан ой-толғамдары мен түсініктемелері берілген. Түсініктемеде қазақстандық үлгіні қалыптастырудағы басты қозғаушы күш ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше аталған.

Ұжымдық монография ретінде жарыққа шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев: бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы» кітабы оқырмандарға Қазақстан Республикасының Президенті - ҚХА Төрағасының Ассамблея сессияларында (1995-2009 жж.) сөйлеген сөздерін негізге ала отырып, бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясының қалыптасу және даму эволюциясының әдістемесін жан-жақты көрсеткен. Аталған нысанды негізе ала отырып, этносаралық қатынастар саласының жаңару-даму бағыттары, қоғамдық келісімді қалыптастыру кезеңдеріне талдау жасалған.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2100 дана таралыммен жарыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар