+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Елордада Nur-Sultan Ethno Fest фестивалі өтіп жатыр

2019 жылғы 1 маусым 18:16
Бөлісіңіз:
Елордада Nur-Sultan Ethno Fest фестивалі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Nur-Sultan Ethno Fest» аты этономәдени мерекенің екінші күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда алғаш рет ұйымдастырылған этномәдени мереке 31 мамырда басталған болатын. Қорытындысы 2 маусымға жоспарланған. «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алаңында тігілген киіз үйлер қалашығы көшпелі көне жұртты еске түсіреді. Бітісі бірден көзге түсер сәйгүліктер, қанатын қайта-қайта қомдаған қырандар ұлттық көрменің көркін кіргізді. Құмыра жасаушылардың епті қимылына елтігендер де көп. Ортағасырлық стильде жасалған этнобазар үш күн бойы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ашық тұрмақ.

Осындай атрибуттарымен алыстан көз тартқан этмәдени мерекеге қала тұрғындарымен қатар шетелдіктер де көптеп келіпті.

«Бүгін этномәдени фестиваль болатынын естіп арнайы келгенмін. Көрінісі керемет. Қаланың қақ ортасында бір күннің ішінде ежелгі шаһар орнағандай әсер береді екен. Бұл шара менің қазақ мәдениетін жете тануыма берері мол», - дейді Кубаның Қазақстандағы елшісі Эмилио Певида Пупо.

Үш күндік фестиваль аясында ақындар айтысы, кешкі концерттер, найза лақтыру, қол күресі, садақ ату және серке көтеру сынды сайыстың түр-түрінен жұлде таратылуда.

Жыл сайын Қазақстан астанасында жалауын көтеріп келе жатқан садақшылардың «Алтын жебе» халықаралық сайысы биыл осы мереке орайластырылыпты. Фестивальдің өзге сайыстары сияқты, оның да қорытындысы ертең шығарылмақ. Биыл жамбы ату сайысына «азиялық, «түрік» және «қазақ» стилі бойынша бірнеше жүлде тағайындалып отыр. Оған Оңтүстік Корея, Румыния, Қырғызстан, Монғолия және Ресей, Иордания сияқты 20 мемлекеттің садақшылары қатысуда.
null

Балалар мерекесіне орай бүгін «Nur-Sultan Ethno Fest» аумағында бүлдіршіндерге арналған аттракциондар жұмыс істеді. Фестивальдің кішкентай қонақтары елордадағы Қуыршақ театрының үздік қойылымдарын тегін тамашалап, арасында атқа мініп, асық атты, ләңгі теуіп, шалма тастаудан отбасылық эстафетаға қатысты.

«Бұл мереке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отыр. Әрбір қоғам үшін ең маңыздысы - ол ұлт мәдениеті мен ұлттық кодты сақтау. Біздің көздегеніміз - дәстүріміз, ұлттық спортымыз, ойындарымыздың кеңінен насихатталуына ұмтылып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Жалауын кеше көтерген фестивальдің ресми ашылу салтанаты бүгін сағат 19.00-де басталады. Ашылу салатанаты эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертке ұласады.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT