Елордада неке қиғандар саны үш есе артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда некеге тұратын жастар саны артып келеді. Бұл туралы Есіл ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Раушан Зарированың айтуынша, қазір тұрғындар некеге жауапкершілікпен және саналы түрде қарайды.

Елордадағы жас жұбайлардың орташа жасы 4-5 жыл бұрын 22-23 болса, қазір – 25-28 жас.

«Пандемия жастарымызға оң әсер етті деуге болады. Олар некеге саналы түрде қарай бастады. Қазіргі уақытта елордада 8 мыңнан астам неке қиылды. Олардың жасы шамамен 25-28 жас, бұл жаста адам білім алып, жұмыс істеп, белгілі бір мәртебеге ие болады», - деді Раушан Зарирова Нұр-Сұлтанда өткен неке куәлігін салтанатты табыстау аясында.

Оның айтуынша, биыл Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданында 2,5 мыңнан астам неке қиылған.

«Нұр-Сұлтанда күніне орта есеппен 20-25 жұп тіркеуге тұрады. Мысалы, дүйсенбіде біз 50 жұпты тіркедік. Әсіресе жастардың некелесуі артып келеді. Тиісінше, балалар да көптеп тууда. Бұл бізді қатты қуантады. Өткен жылмен және 2019 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өсім бар», - дейді Р. Зарирова.

2021 жылғы 1 қаңтардан 6 қыркүйекке дейін Нұр-Сұлтанда 8 197 неке тіркелген және 23 306 туу туралы куәлік берілген.

Ал 2020 жылдың ұқсас кезеңінде Нұр-Сұлтанда 5 956 отбасы құрылып, 21 572 бала дүниеге келген еді.


Соңғы жаңалықтар