Елордада Наурыз мерекесіне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18-22 наурыз аралығында астананың «Арнасай 109» мекенжайында орналасқан павильонда ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Шығыс Қазақстан, Ақмола және басқа да жақын маңдағы облыстардың кәсіпкерлері мен фермерлері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке қазіргі күні де демалыссыз апта бойы жұмыс істеп тұр. Мұнда азық-түлік тауарларының барлық түрі, атап айтқанда ет, көкөніс, жарма, азық-түлік, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер және т.б. сатылады. Мұндағы баға нарықтан 15-20%-ға арзан.

Айта кеткен жөн, жәрмеңке 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеуде. Биыл Наурыз мейрамының қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің ауқ ы мы кеңейе түсетіні белгілі болып отыр.


Соңғы жаңалықтар