Елордада «Музейдегі түн» акциясы қалай өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы дәстүр бойынша бүгін Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында «Музейдегі түн» акциясы өтіп жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шара екінші жыл қатарынан онлайн режимде өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы акцияның тақырыбы «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңарту» болды. Онлайн шара таңғы 10-да басталып, кешкі 6-ға дейін жалғасады.

«Құрметті достар! Барлығын бүгінгі керемет мереке - Халықаралық музейлер күнімен құттықтаймын. Бұл мереке біздің елімізде ғана емес, әлемдегі барлық музейде жыл сайын атап өтіледі. Биыл «Музейдегң түн» акциясы онлайн форматта өтуде. Акция ұлттық құндылықтарды, тарихымызды, халқымыздың салт-дәстүрлері мен мұражай ісін насихаттауға бағытталған. Бүгінгі акция арнайы дайындалған деректі фильмдермен жалғасады», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Музей қызметкерлері көрермендер үшін көрме мен көрме залдарына онлайн тур ұйымдастырып, қазақ халқының материалдық және материалдық емес мәдениетінің ежелгі қорымдары мен құндылықтарының тарихын айтты. Атап айтқанда, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай жазылған «Мәңгілік ел» атты картиналардың триптихі көрермен назарына ұсынылды. Бұл суреттер Қазақ хандығының құрылу процесі, мемлекет тарихы туралы баяндайды. Суреттердің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жыл ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлау жылы болып жарияланды. Онлайн-тур кезінде олар ұлы ақынның шығармалары орналасқан залды да көрсетті.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, тыңдаушыларға ежелгі дәуірден қалған құнды жәдігерлер туралы айтылды. Экскурсовод ғалымдардың, тарихшылардың археологиялық олжалары, «Тобыл ойшылы» мүсіні, алтыннан жасалған бұйымдар, күміс тостаған, және асқа да құнды ақпарат айтты.


Соңғы жаңалықтар