+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Елордада «Музей түні» акциясы өтеді

2019 жылғы 17 мамыр 02:00
Бөлісіңіз:
Елордада «Музей түні» акциясы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша 2019 жылдың 18 мамырында сағат 18:00-24:00 аралығында елордада «Музейлер түні» акциясы өтеді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, биылғы акция Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай және Халықаралық музей күні мерекесіне арналып, «Бес жыл бірге» деген тақырыпен үйымдастырылмақ. Акцияға келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады.

Шараның мақсаты - ұлттық кодқа негіз болатын ұлттық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, мұражай қызметін, ондағы экспонаттар мен жауһар жәдігерлерді кеңінен насихаттау.

Халықаралық музей күні мерекесі 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Аталған датаға орай 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілді.

«Музейлер түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған шара осыған дейін 5 мәрте ұйымдастырылды. 2015 жылғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамыр күні Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. 2017 жылы аталған акция 2 рет өткізілді. Оның алғашқысы «Наурыз» мерекесіне орай «Наурыз - жаңғыру нышаны» деген тақырыппен ұйымдастырылып, Халықаралық музейлер күніне арналды.

Мұражай қонақтары Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай, музей қорынан жаңа экспонаттармен толықтырылған Этнография залы мен жаңа ашылған «Асыл мұра» залдарын тамашалай алады.

2015 жылғы 18 наурызда қорларды толықтыру мақсатымен «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы қолға алынған болатын. Көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерінің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары және жеке коллекциянерлер музейге тарихи және мәдени құндылығы бар заттарды сыйға тартып, музей қорлары түрлі құнды жәдігерлермен толыққан. Осы экспонаттар «Асыл мұра» залына ұсынылып, қару-жарақ пен кілем топтамалары, мемлекет және саясат қайраткері И.Тасмағамбетовтың коллекциясынан зергерлік әшекейлер, әйелдер мен ерлердің белдіктері, ат әбзелдері және Б. Сарбаевтың коллекциясынан әлем халықтарының музыкалық аспаптары сынды жеке коллекциялардан бағалы бұйымдар қойылды.

«Музейлер түні» акциясы барысында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай «Жүз жылдық жылнама» көрмесі салтанатты түрде ашылады.

Сонымен қатар шара бағдарламасында ақын Дәулеткерей Кәпұлының бастамасымен «Ақшамдағы ақындар жыры» атты шығармашылық кеш, өнертанушы, суретші Е.Н. Чернованың «Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін» атты шеберлік дәрісі, «Құсни қорлан» көрінісі, мүсінші Айдос Есмағанбетпен маскалар шоуы, арт пазл құрастыру, қолөнер жұмыстары бойынша шеберлік сабақтар, «Тарих сыры», «Музей білгірі» викториналық сұрақтар, кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», т.б. қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT