Елордада мұз айдындарындағы адам қауіпсіздігін арнайы патруль күзетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалықтарға қыс мезгілінің түсуіне байланысты мұз айдындарында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігі тағы бір ескерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұз қату кезінде су айдындарындағы адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біздің департаменттің қызметкерлері күн сайын аса қауіпті учаскелерді күзетеді. Оның қатарында қала аумағы мен маңындағы өзен мен көлшіктер. Сондай-ақ, адам жиі шоғырланатын су каналдары да бар. Төтенше жағдай мамандары су айдындарын патрульдеуден бөлек, арнайы рейд жүргізіп отырады. Биыл күз мезгілі түскелі 109 рет рейд жүргізілді. Сол сияқты халық арасында түсіндіру жұмыстары өткізіліп, тұрғындарға қауіпсіздік нұсқаулығы таратылды. Және мектеп мен ЖОО-да «мұз қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Рәтбек Демеуберген елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Маманның айтуынша, мұз қату кезеңі басталғалы адам үшін қауіпті су айдындарында 110-нан астам тыйым салу белгісі орнатылды.

Сондай-ақ, қалалық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға мұздағы тәртіп ережелері тағы бір еске салады.

- Қауіпсіз мұздың қалыңдығы бір адамның салмағы бойынша есептегенде 7 см-ден кем болмауы тиіс;

- Мұз айдынын жасау үшін мұздың қалыңдығы кемі 12 см болуы тиіс;

- Жаяу өткел үшін мұздың қалыңдығы кемі 15 см болуы тиіс;

- Мұзздың үстінен автокөлік жүру үшін оның қалыңдығы кемінде 30 см болуы қажет.

Қауіпсіз мұздың белгісі.

Берік мұз.

- жасыл немесе көкшіл реңді мөлдір болады;

- қарсыз ашық кеңістікте мұз әрқашан қалың болады.

Жұқа мұз:

- Оның түсі сүтті-бұлтты, сұр әдетте үлпілдек әрі сынғыш, мұндай мұз ескертусіз жарылып кетеді;

- қармен жабылған мұз (беті қармен жабылғанымен мұздың өзі жұқа болуы мүмкін);

Және бір маңызды ескерту мас күйінде мұзға шығуға, секіруге және мұз үстімен жүгіруге, бір орынға көп адамның шоғырлануына тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар