Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазан айының екінші жексебісінде Қазақстанда мүгедектер күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 13 қазанға сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні қалада мүмкіндігі шектеулі 25 719 жан тұрады. Олардың 2689-ы бірінші топтағы, 9112-і екінші топтағы, 8602 топтағы мүгедектер. Ерекше қажеттілікке мұқтаж 5316 бала бар.

«Олардың барлығы елордада бірқатар қызметтерді алып тұрады. Мәселен, 2019 жылдың басынан бері 14 мың адам 1,2 млрд теңгеге оңалту қызметтерімен қамтылды. Жыл сайын бұл қызметтерді 16 мың адам алып тұрады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедек балалар протездік-ортопедиялық көмекпен және протездік-ортопедиялық құралдармен, арба, сурдо-тифло жабдықтармен, сурдокөмекпен, жеке көмекшінің, міндетті гигиеналық құралдармен қамтылады. Бұдан бөлек, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар әлеуметтік көмекпен, үйде білім алатындарға көмек, инватакси қызметімен қамтамасыз етіледі», - деді ведомстводан.

Бүгінгі күні Инватакси қызметінде күн сайын 30 көлік жұмыс істейді, оның 5-еуі арбаға танылған жандарға, 15-і мүмкіндігі шектеулі балаларға және 10-ы көзі көрмейтіндер жандарға арналған.

«2019 жылы 1937 адам қамтылды, оның ішінде 775 бала бар. Бұған қоса, аталған топ елордада стационарда, жартылай стационарда және үйде арнайы әлеуметтік қызмет алады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар «1 және 2 топтағы мүгедек санаты бойынша» тұрғын үй кезегіне тұрып, қоғамдық көліктерде тегін қатынап, тегін санация мен тіс протездеу процедураларын пайдалана алады. Жеке (жер) үйде тұратын және жылуды пеш жағу арқылы алатын мүгедектер жылыту маусымы кезінде көмір сатып алуға 16 АЕК немесе 40400 теңге әлеуметтік көмек ала алады. Сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болғандарға медициналық ұйымдарда ақылы қызмет пен дәрі-дәрмек алуға жылына 13 АЕК есебінде (32 825 теңге) бір реттік көмек беріледі. Әр тоқсан сайын 10 АЕК (25250 теңге) үйден білім алатын мүгедек балалардың оқуына жұмсалатын қаржы өтеледі. Мүгедектік бойынша жәрдемақы туралы айтар болсақ, аталған санат республикалық бюджеттен: 1 топ – 57 021 теңге, 2 топ – 45 438 теңге, 3 топ - 30 886 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 41 578 теңге, бала күнінен мүгедектер, 16-18 жас аралығындағы мүгедек балалар: 1 топ – 57 021 теңге, 2 топ – 47 220 теңге, 3 топ – 35638 теңге. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған: 1 топ – 3 763 теңге, 2 топ – 3763 теңге, 3 топ – 1616 теңге», - деді елорда әкімдігінен.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды белсенді жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл 610 адам аталған жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 539 тұлға жұмыспен қамтылды, оның 217-і тұрақты жұмысқа, 3-еуі уақытша, 29 адам әлеуметтік орындарға орналастырылып, 242 қоғамдық жұмысқа бағытталып, 16 түлек жастар практикасы бойынша тәжірибеден өтуде және 32 адам қысқа мерзімді оқу курсына жолдама алды. Халықтың бұл тобына дене шынықтырып, спортпен шұғылдануы үшін білікті мамандары бар екі бірдей занауи спорт кешені салынды. Оның біріншісі – Паралимпиадалық жаттығу орталығы, оның ішінде жаттығу залы, көпсалалы ойын және жекпе-жек алаңы бар. Онда парапауэрлифтинг, парадзюдо, паратаэквондо, үстел теннисі, нұлттық спорт түрлері, отырып волейбол ойнау, голбол, бочча, арбамен би билеу залдары бар. Екінші нысан – «Тарлан» мұз аренасы. Мұнда хоккей, следж-хоккейден қалалық командалар жаттығады және мүгедектер мен олардың жақындарна арнап жаппай сырғанау ұйымдастырылады. Еске сала кетейік, Мүгедектер күніне орай, елорданың мүмкіндігі шектеулі азаматтары 2,5 АЕК (6313 теңге) бір реттік әлеуметтік көмекке ие болады. Биыл бұл дата 13 қазанға келіп тұр.

Соңғы жаңалықтар