Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт фестивалі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Children paralympic games инклюзивті спорт фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар жылы аясында өтіп жатқан іс-шараға еліміздің 16 қаласынан келген 350 мүмкіндігі шектеулі бала қатысады. Министрлік мәліметінше, қатысушылар спорттың 10 түрінен сайысқа түседі.

«Бұл – қазақ спорты және еліміздің паралимпиадалық қозғалысы үшін айтулы оқиға. Спортшылар бақ сынайтын ойын түрлері олардың бойындағы ерлік пен табандылық қасиеттерін шыңдайды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең екенін сезінеді. Сіздер өзгеріс елшілерісіздер. Сіздердің жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз қоршаған әлемге позитив сыйлап, миллиондаған адамды шабыттандыруға арналған», - деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, паралимпиадалық спорт түріне енетін боччадан ел чемпионаты өтеді. Оның мақсаты – үздік боччистерді анықтап, олардың Паралимпиадаға қатысуларына мүмкіндік жасау.



Соңғы жаңалықтар