Елордада мобильді бригадалар тәулік бойы жұмыс істеуге көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мобильді топ қызметі тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова штаб отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада қала әкімі Алтай Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, сол сияқты денсаулық сақтау басқармасы, емханалар мен инфекциялық стационарлар басшыларының қатысуымен эпидемиологиялық ахуал мәселелеріне арналған қалалық штабтың отырысы өтті.

Аталған жиында коронавирус инфекциясымен күрес және оның таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова Нұр-Сұлтанда індетті жұқтырудың күрт өсуіне байланысты мобильді бригадалар санының 2 есеге артқанын айтты.

«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 14 қаңтардан бастап медициналық ұйымдардың колл-орталықтары мен мобильді бригадалар тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті. Елорда әкімдігі қала тұрғындарына қызмет көрсету үшін қосымша көлік бөлінді. Эпиджағдайдың нашарлауына байланысты қашықтан бақылау және КВИ анықталған пациенттерді ауруханаға жеткізу жұмысы күшейтілді», - дейді ол.

Басқарма берген мәліметке сүйенсек, бүгінде қала бойынша 36 мекемеде КВИ жұқтырған амбулаториялық бақылау және емдеу жүргізеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта 13 мыңнан астам КВИ жұқтырған астаналық амбулаториялық ем алып жатыр.

Және күніне шамамен 1500 мың науқас мобильді бригада көмегіне жүгінеді.


Соңғы жаңалықтар