Елордада MMK Investment қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамауға алынды
2022 жылғы 10 тамыз 15:53

Елордада MMK Investment қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «MMK Investment» қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік мәліметінше , мұндай компания өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табыс және әкелінген әрбір клиент үшін қосымша % төлеуге уәде береді.

Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді.

Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйым клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар.

MMK Investment компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды.

MMK Investment қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы қамауға алынды.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT