Елордада «Мигрант» республикалық шұғыл алдын алу шарасы кезінде 392 адам ұсталды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Осыдан екі күн бұрын басталған «Мигрант» республикалық шұғыл алдын алу шарасы кезінде елорда аумағында 392 адам ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуынша, ұсталған азаматтардың барлығы да жауапқа тартылып, 30-ы республика аумағынан шығарылған.

Жалпы іс-шараға Көші-қон полициясының 39 қызметкері,  учаскелік испекторлар мен жол және криминалдық полиция тарапынан 253 қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар қалалық базарлар, автотұрақтар, құрылыс нысандарының аумағында тексеріс жүргізу мақсатында жедел әрекет ету арнайы бөлімінің  15 адамнан тұратын бірнеше тобы құрылған.   

Қарашаның 2-сінде басталған шара осы айдың 11-іне дейін жалғасады. Операцияның мақсаты - Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтау,  заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

Соңғы жаңалықтар