Елордада мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті. Бұл туралы ҚМДБ ресми сайтында хабарланды.

Мешіт шәкірттерін мерейлендіріп, ынталандыру мақсатында бүгін сондай игі шаралардың Қазақ елінің тұғыры биік мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында мешіт шәкірттерінің білімін сарапқа салған "Құран оқу жарысы" болып өтті. Іріктеу кезеңінде 37 шәкірттен 8 шәкірт ақтық сынға өтіп, жұма намазынан кейін үздіктер қорытынды сайыста бақ сынасты. Жыл бойғы білімдерін қорытындылаған мешіт шәкірттерінің үздік нәтиже көрсетіп, оза шапқандарына ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Мешіт ұстаздарынан құралған әділқазылар алқасының шешімімен І-орын алған жүлдегерге 50 мың теңге, ІІ және ІІІ орын иегерлеріне 40 және 30 теңге көлемінде жұлде бұйырды», - делінген хабарламада. «Әзірет Сұлтан» мешітінде тек биылғы жылдың өзінде 218 ер және 106 әйел адам дәріс алып келеді. «Әрине, бұның бәрі мешіт имамдары мен ұстаздарының қажырлы еңбегінің арқасында екендігі айтпаса да белгілі. Бұған қоса, мешіт шәкірттері арасында достық пен бауырмалдықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сайыстар мен топтық демалыстар да ұйымдастырылып келеді», - деп атап өтілген ҚМДБ мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар