Елордада «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылданып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінім қабылданып жатыр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастамашылық еткен бұл байқау осымен жетінші жыл өткізіліп келеді. деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылығын, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.

Конкурсқа өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады.

Елордадағы байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 51 отбасы, ал 2019 жылы 63 отбасы өтініш берген.


Конкурс аудандық және қалалық болып екі кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезеңде конкурсқа қатысу өтінімін аудандық әкімдік комиссиялары қабылдайды.

Материалдармен танысқаннан кейін аудандық комиссия 15-30 маусым аралығында жеңімпаздарды және қалалық кезеңге өтетін 2 отбасын анықтау үшін отырыс өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер PDF форматында мына электронды пошта арқылы қабылданады: [email protected].
Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты келесі телефон нөмір арқылы біле аласыз: +7 777 010 40 42, +7 7172 55 67 08.

Мына сілтемеде толық мәлімет к өрсетілген.


Соңғы жаңалықтар