Елордада мереке күндері мас күйінде көлік айдаған 60-қа жуық жүргізуші ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол ережесін бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күн ішінде 63 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді, оның ішінде мас күйінде көлік тізгіндегені үшін 57 жүргізуші және көлік құралын басқару құқығынан айырылған 2 жүргізуші ұсталды. Коммуналдық тұраққа 62 көлік қойылды. Барлық жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотқа тартылды.

Мереке қарсаңында Шұбар шағын ауданында полицейлер Nissan Maksima маркалы көлікті тоқтатты. Оны 32 жастағы жүргізуші мас күйінде тізгіндеген. Бұрын ер адамның сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-тармағы бойынша мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта жүргізуші қамауға алынып, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды. Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіге темір тұлпарды тізгіндегені үшін және мас күйде көлік жүргізгені үшін 5 мың АЕК-ке дейінгі айыппұлдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.


Соңғы жаңалықтар