Елордада мемлекеттік сатып алу арқылы бюджеттен 1 млрд теңге жымқырылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде 1 млрд теңгеден астам соманы жымқыру дерегі анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбатталған бағада сатып алғаны белгілі болды.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті сапалық жабдықтар сатып алуға болатын еді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т.сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

ҚР ҚПК-нің 201-б. тәртібінде тергеу мүдделеріне сәйкес басқа деректердің жария етілуіне жол берілмейді.



Соңғы жаңалықтар