Елордада «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» атты конференция өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» атты жылдық конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық іс-шараны ашқан Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов жаңа ахуалдағы бір жарым жыл ішінде үкіметтер біршама тәжірибе жинақтағанын, сонымен бірге кейбір тағылымдар туралы да айтуға болатынын атап өтті.

«Біріншіден, дағдарыс жағдайында тез шешім қабылдау қажеттілігі үкіметтердің есеп берушілігі мен ашықтығына тежеу болмау керек. Екіншіден, пандемия жеделдеткен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Үшіншіден, интернет пен әлеуметтік желілерге қолжетімділік халықаралық құқықпен қорғалып, адамның ажырағысыз құқықтары ретінде танылуы тиіс. Мұның бәрі «жылдам жеңістер» мен стратегиялық мақсаттар арасында теңгерімнің болу маңызын көрсетеді», - деді ол.

Сонымен қатар, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы осы тұрғыда үздіксіз білім мен тәжірибе алмасудың маңызы артып келе жатқанына баса назар аудартты.

Айта кетейік, конференция жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шара 27-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оффлайн және онлайн форматында өтеді.


Соңғы жаңалықтар