Елордада мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

None
None
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Қайрат Нұрпейісовтің төрағалығымен өкілетті органның тәртіптік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының айтуынша, ағымдағы жылдың қазан айында комиссия құрамы толықтай өзгерген. Оған орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері енгізілген.

Комиссияның жаңа құрамымен таныстарған Қ.Нұрпейісов «отырыс барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша бірінші кезекті шараларды талқылап, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексінің сақталуы және комиссия құзіретінің салалары мен функцияларын қайта қарастырамыз», деді.

Алқалы жиынға мемлекеттік органдардағы кадрлық қызметтердің жұмысына, атқарушы және еңбек тәртібінің сақталуына бақылау жасау жүктелінген жауапты хатшылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар