+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елордада мектепке автобуспен қатынайтын екінші сынып оқушысы адасып кеткен

2019 жылғы 19 қыркүйек 19:16
Бөлісіңіз:
Елордада мектепке автобуспен қатынайтын екінші сынып оқушысы адасып кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана LRT компаниясы мектепке автобуспен қатынайтын оқушылардың ата-аналарына баласына барлық қажетті ақпаратты үйрету керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада автобус ақысын бет-әлпетті тану жүйесімен төлеуге болады Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жаңартылуда Елорда автобустарында бет-әлпет арқылы жолақы төлеу жүйесі енгізіледі

Компанияның мәліметінше , 18 қыркүйекте кешке қалада екінші сынып оқушысы адасып кеткен. Өйткені бала шатасып, басқа автобусқа отырған.

«Жүргізуші оны байқап, көлік бақылау департаментінің (КБД) инспекторына хабарлады. Бала нақты мекен-жайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін білмеген. КБД қызметкері полицияның тірек пунктіне жүгінді. «102» пультіне оның ата-анасы хабарласқан екен, жедел-тергеу тобын күте отырып, біздің қызметкер баланы анасына тапсырды», делінген хабарламада.

Компания өкілдері, ата-аналар осы мәселеге баса назар аударып, бала барлық қажетті ақпаратты білгені жөн екендігін жеткізді.

«Егер балаңыз мектепке қоғамдық көлікпен барса, онда ол ата-анасының аты-жөнін, олардың байланыс нөмірлерін, үй мекен-жайын, аялдаманың атауын және өз бағдарының нөмірін жатқа білгені маңызды», делінген компания таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT