Елордада мектеп директоры пара алу күдігіне ілікті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мектеп директоры пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті елорда мектептері бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол жеке кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасасқаны және төлем жүргізгені үшін 623 мың теңге көлемінде пара алған. Осылайша шағын және орта бизнестің заңды мүдделеріне кедергі келтірген.

«Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды. Жоғарыда аталған күдікті тұлғаларға қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы сот шығарады», - деді Қуаныш Жапақов.


Соңғы жаңалықтар