Елордада медицина бикелерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 12-інде елордадағы Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальде медицина бикелерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді.

Бұл ақпаратты аталған госпитальдің ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

«Мамырдың 12-сінде дүниежүзінің медицина бикелері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығында бұл мереке біз үшін зор маңызға ие. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбектерінің арқасында жарақаттанғандардың 73, ал ауруға душар болған солдаттардың, сержанттардың, офицерлердің, генералдардың 95 пайызы шатырларда, медсанбаттарда, госпитальдерде ем алып, Кеңес армиясы қатарына қосылды», делінген баспасөз баянында.

Іс-шара барысында Жеңіс тақырыбына арналған сурет көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің үздік медицина бикелері марапатталады. Шара соңы мерекелік концертке ұласады.

Салтанатты жиын «Нұр Отан» ХДП мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтеді.

Аталған мекеменің ақпаратына сәйкес, екінші дүниежүзілік соғыстан бірнеше ондаған мың майдангер ауыр жарақатпен оралған. Орталық клиникалық госпитальде жылсайын жүздеген соғыс ардагері емделеді.

Соңғы жаңалықтар