Елордада Мәскеудегі Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай өткен шеруге қатысып қайтқан жауынгерлермен кездесу өтті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордағы 65665 әскери бөлімде Мәскеудегі Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай өткен шеруге қатысып қайтқан жауынгерлермен кездесу өтті.

ҚР Қорғаныс министрлігі Құрметті қарауыл ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сұлтан Үмбетәлиевтің айтуынша, сәуірдің 30-ынан басталған әскери шеруге дайындық шараларына Қазақстаннан 75 адам қатысқан, оның 5-еуі офицер, ал қалған 70-і қатардағы жауынгерлер.

«Алғашқы дайындық күндіз Алабина елді мекенінде өтіп, екіншісі мамырдың 4-інде түнде Қызыл алаңда болды. Ал соңғы негізгі дайындық Қызыл алаңда күндіз өтті», дейді ол.

Шеруге шыққан қазақстандық жауынгерлерді 85395 әскери бөлімінің командирі полковник Қайдар Қарақұлов бастаса, Қазақстан туын кіші сержант Мадияр Әлкенов алып жүріп, оның соңынан ассистент ретінде кіші сержанттар Темірлан Әдепбаев пен Асат Рақымжанов ерді.

Мәскеудегі әскери шеруге қатысушылардың барлығы да Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің атынан «Шеруге қатысқаны үшін» медалімен, Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған мерейтойлық белгімен марапатталды. Мәскеуде болған уақытта қазақстандық жауынгерлер Кремльді, 300-ден астам экспонант қойылған сауытты танк техникалар, сонымен қатар қару-жарақтар және әскери техникалар мұражайларын тамашалап, Мәскеу циркінде болды.

Соңғы жаңалықтар