Елордада маска тақпаған мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мектептерге жүргізілген мониторингтің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті білім беру объектілерінде карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жүргізеді. Қалада барлығы 91 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 78 мемлекеттік, 12 жеке меншік және 1 мамандандырылған мектеп бар. Мониторингпен 100% қамтылды. Мониторинг барысында 31 мектепте (34,0%) ереже бұзушылықтар анықталды. Мектеп директорының өзі және оқытушылар құрамы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары маска тағу талаптарын сақтамаған. Мектептердің бірінде директор әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Пралиева баспасөзө мәслихатында.

Сонымен қатар ол қалада КВИ-ді жаппай тіркеудің салдарынан 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап қатаң шектеу және карантин шаралары енгізілгенін еске салды.

«2020 жылғы 17 тамыздан бастап КВИ тіркеудің төмендеуіне байланысты шектеу және карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету басталды. Алайда субъектілер де, жеке тұлғалар да әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде кию шараларын бұзып келеді. Департаменттің аудандық басқармалары шектеу және карантин шараларын енгізу кезеңінде 550 айыппұл салды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің, ойын-сауық мекемелерінің иелері бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, шектеу және карантин шараларын сақтамай, өз қызметін жүзеге асыруды жалғастыруда», - деді Пралиева.

Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында карантин режимін бірнеше рет бұзғандар бар.


Соңғы жаңалықтар