USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған 29 жастағы полицей ауыр жарақаттанды

2021 жылғы 2 желтоқсан 22:23
Бөлісіңіз:
Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған 29 жастағы полицей ауыр жарақаттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіні тоқтатпақ болған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада ипотекамен «көмектеспек» болған алаяқ ұсталды «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: Полиция өкілдері не істеуге құқылы Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

2 желтоқсан күні саған 14.00 шамасында Қошқарбаев көшесінде қызметін атқарып жүрген қалалық патруль полициясы мамандандырылған батальонының аға инспекторы Архат Рақышев Howo машинасын байқап, оны тоқтатпақ болады.

Өйткені жүк көлігі жолда апаттық жағдай туғызып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан еді.

Көліктің жүргізушісі полицейдің ескертпесіне құлақ аспай, қозғалысын жалғастырған.

Полицей жағдайды түсініп, бетон артқан автомобильдің жүргізушісі қаланың қақ ортасында азаматтарға қауіп төндіріп отырғанын, талапқа бағынбайтынын, бәлкім сау емес екенін бағамдаған.

Содан кейін ол көлікті тоқтатуға тырысқан. Ол радиостанса арқылы оқиға орнын көрсетіп, әріптестерінен көмек сұрайды.

Содан кейін көліктің кабинасына секіріп мінеді. Алайда жүргізуші оған қарсылық көрсеткен. Салдарынан аға инспектор жол бойына құлап кетеді.

Полицейлер көліктің жолын жауып, ақыры тоқтатты, күдікті ұсталды. Жүргізушіден алкогольдің иісі бұрқырап тұрды. Кейіннен сараптама оның орта дәрежеде мас болғанын көрсетті.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Көлік коммуналдық тұрақта тұр.

29 жастағы полиция капитаны Архат Рақышев ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер полицейдің өмірі үшін күресіп жатыр.

Ол 2015 жылдан бері ішкі істер органдарында жұмыс істейді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT