Елордада мас жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада такси көлігін зақымдаған мас жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияның «102» арнасына Сарыарқа даңғылының бойында төбелес боп жатқаны туралы хабар түсті. Сақшылар төбелеске қатысы бар күдіктілерді оқиға орнына із жасыруға оқталған кезде ұстап, «Сарыарқа» ауданының полиция бөліміне жеткізді.

Кіа көлігіне отырған жолаушы машинаның алдыңғы терезесін шағып, капотына зақымд келтірген. Соның кесірінен такси жүргізушісі мен клиент арасында төбелес болған. Кейін жолаушының мас болғаны анықталды», -деді полиция департаменті.

Аталған факті бойынша Сарыарқа аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Төбелеске қатысушылардың ешқайсысы полиция өкілдерініңәрекетінен зардап шеккен жоқ. Десе де полицеия қызметкерлерінің арнайы құрал қолдануы бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Сақшылардың іс-әрекетіне, соның қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі», -де жазылған департамент таратқан ресми мәліметте.


Соңғы жаңалықтар