Елордада мас күйінде көлікті жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаланың қырағы түрғындары көлікті мас күйінде жүргізген тағы бір адамды ұстауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін түнде полицияға телефон шалған тұрғындар «Toyota RAV4» көлігін жүргізіп келе жатқан әйелдің мас күйде екенін хабарлады. Куәгерлер әйелдің дәмханадан мас күйінде шығып, көлікті жүргізіп кеткенін байқаған.

Тәртіп сақшылары 37 жастағы әйелді елорданың сол жағалауында, Мәңгілік ел көшесінде тоқтатты. Құжатты тексеру кезінде ішімдіктің иісі мүңкіп тұрғанына қарамастан, әйел өзінің мүлдем ішпегенін айтты.

Медициналық тексеру әйелдің көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде жүргізгенін анықтады.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқыбұзушылықтар туралы кодексінің 608-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Әкімшілік соттың шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, көлікті 7 жыл жүргізу құқығынан айырылды.

11-13 желтоқсанда елордада көлікті мас күйінде жүргізген 28 адам ұсталды, төрт адамның жүргізуші куәлігі болмаған.


Соңғы жаңалықтар