+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Елордада мас күйінде көлік жүргізген құжаты жоқ бойжеткен ұсталды

2020 жылғы 27 қазан 21:01
Бөлісіңіз:
Елордада мас күйінде көлік жүргізген құжаты жоқ бойжеткен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда полицейлер көлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған мас қызды ұстады, - деп жазады ҚазАқпарат елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтарға коронавируспен күрес бойынша тегін психикалық көмек көрсетіліп жатыр Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі науқастарды қабылдауға дайын - Бақытжан Сағынтаев Алматыда қатаң локдаун енгізіледі деген ақпарат жалған болып шықты

Бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында полиц ия қызметкерлері Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде күдік тудырған «PEUGEOT 206» маркалы көлікті байқаған.

Тексеру барысында 28 жастағы қыздың мас екені анықталды. Жүргізуші құжаттары мен жүргізуші куәлігі жоқ екенін мойындады.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Сонымен қатар 2019 жылдың маусым айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Алайда жазаға қарамастан, жүргізуші мас күйінде рөлге қайта отырған. Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде жүргізушіге 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алыну қаупі бар.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті автокөлік иелерінен алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT