+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елордада мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды

2019 жылғы 5 қараша 09:56
Бөлісіңіз:
Елордада мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық тәртіп сақшылар екі күнде көлікті мас күйінде айдаған 35 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші 30 тәулікке қамалды Елордалық жүргізушілердің қарызы 37 млн теңгеден асты Атырауда бірінші топтағы мүгедек жүргізуші куәлігін алды

«Қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 2 күннің ішінде 900-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. 35 жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген. 60-тан астам жүргізуші қауіпсіздік белгісін тақпаған. 300-ге жуығы жаяу жүргiншi жол жүрісі қағидаларын бұзған. 170-тен астам адам жол белгiсін немесе жолдың жүру бөлiгiндегі таңбаларда көрсетiлген талапты сақтамаған», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 10 ай ішінде тәртіп сақшылары қалада көлікті мас күйде жүргізгені үшін 800-ге жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Еске сала кетсек, жүргізушінің көлікті алкоголь, есірткі пайдаланып мас күйде басқаруы, немесе көлігін мас адамның басқаруына бергені үшін көлікті басқару құқығынан үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге айырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT