Елордада Манасқа ескерткіш орнатылмақ

None
БІШКЕК. Кабар - ҚазАқпарат – Алдағы уақытта Астана қаласында қырғыз халқының батыры Манасқа ескерткіш орнатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа сол елдің Мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтовты алдағы уақытта Астанада орнатылатын Ұлы Манас ескерткіші эскизінің жобасын ұсынды.

Ескерткішті орнату жөніндегі уағдаластыққа Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы 2020-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық аясында қол жеткізілді. Қырғызстандық мүсіншілер мен суретшілер арасында ескерткіштің ең үздік эскизіне байқау өткізілген.

Агенттіктің хабарламасына қарағанда, ескерткішті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көп баратын жерде орнату жоспарланған.


Фото: kabar.kg


Соңғы жаңалықтар