Елордада мамырдың 4-інде жылу беру маусымы аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мамырдың 4-інен бастап жылу берілмейді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек аппарат мәжілісінде айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың барлығы талапқа сай жұмыс істеп тұр. Қандай да бір төтенше жағдай болған жоқ.

Сонымен қатар әкімнің орынбасары Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы 2019 жылдың 4-ші мамырында аяқталатынын айтты.

Мәжілісте жылыту маусымына байланысты жәйттерден өзге қаланың санитарлық жағдайы, аулалардың қауіпсіздігі, қала аймақтарын көріктендіру сияқты және 2019 жылы өтетін Ұлттық бірығай тестілеуді ұйымдастыру мәселелері де сөз болды.

Соңғы жаңалықтар