+7 (701) 759 90 19
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

Елордада МӘМС жұмысын қадағалайтын кеңес құрылады

2019 жылғы 11 желтоқсан 11:10
Бөлісіңіз:
Елордада МӘМС жұмысын қадағалайтын кеңес құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын қадағалау мақсатында арнайы кеңес құрылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
МӘМС жүйесінің артықшылықтары қандай Маңғыстаудың Түпқараған ауданы МӘМС жүйесімен жұмыс істеуге дайын Қаңтар айында қазақстандықтардың 88% МӘМС жүйесімен қамтылады

«МӘМС-ті халық арасында түсіндіру жұмыстары бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, оның аясында 700 мыңнан артық ересек азамат қамтылды. Бұл – елорда жұртының 98,5 пайызын құрайды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде МӘМС туралы 15 мыңнан астам материал жарияланып, 1 млн астам түсіндірме парағы тұрғындарға таратылды. Сонымен қатар, алдағы 19 желтоқсан күні «IKOMEK» орталығы арқылы халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Және «Жанұя» отбасын қолдау ортылығында да ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алатын боламыз. Тағы бір айтып өтетін жайт, аталған жұмыстарға мониторинг жүргізу мақсатында біздің басқармада МӘМС бойынша кеңес құруды жоспарлап отырмыз. Қазір арнайы бұйрық шығару жұмыстары жүргізілуде. Оның мақсаты – МӘМС бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысына мониторинг жүргізу», - деді С. Қисықова МӘМС жүйесін енгізуге арналған әкімдіктегі отырыста.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT