Елордада МӘМС аясындағы медицина қызметтерінен 9 мың кемшілік табылды
2022 жылғы 19 мамыр 19:21

Елордада МӘМС аясындағы медицина қызметтерінен 9 мың кемшілік табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастырады. Биыл елорадада 3 айдың мониторинг қорытындысы бойынша 9 390 кемшілік анықталып, 415 млн 837 мың теңге алынды. Оның ішінде, тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша 300 млн 13 мың теңгеге 2 004 кемшілік анықталды. Сол секілді медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі бойынша 1 284 кемшілік табылды, оның сомасы 148 млн 858 мың теңге», - деді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров ZOOM платформасы арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Филиал басшысының мәлімдеуінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша азаматтардан 2687 хабар түскен. Оның ішінде 173 алғыс және 1363 шағым бар.

«Медициналық қызметтерді сатып алу шартын орындауда 12 бұрмалаушылық фактісі анықталып, 8 млн 899 мың теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ, біздің филиалдың медициналық қызмет сапасы мен көлемін мониторингілеу бөлімі жоспардан тыс тексеріс нәтижесі бойынша 48 қорытынды шығарды. Оның 17-сі бойынша азаматтардың шағымы расталып, дәлелденді. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде кері қайтарылған қаржы көлемі 2 млн 701 мың теңгені құрады», - дейді ол.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT