+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елордада ломбард тонаған күдікті қолға түсті

2019 жылғы 6 сәуір 13:09
Бөлісіңіз:
Елордада ломбард тонаған күдікті қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елордадағы ломбардтардың бірін тонады деген күдікпен Ақмола облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, 3 сәуір күні полицияға белгісіз адам хабарласып, түскі ас уақытында Гете көшесінің бойындағы ломбардқа кіріп, қызметкерін қаруға ұқсас затпен қорқыту арқылы ақша беруін талап еткенін хабарлаған. Ол ақшаны алғаннан кейін қылмыс орнынан кетіп қалған.

« Аталған қылмысты ашу үшін елордалық департаменттің жеке құрамы мен қоғамға бағдар жіберілді. 5 сәуір күні шамамен сағат 17 : 00-де тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылы және азаматтардың жәрдемімен аталған қылмысты жасады деген күдікке іліккен Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Күдікті ні ң айтуынша, ол бұған дейін аталған ломбардта болып, күзеттің жоқ екенін байқаған және қылмысын жоспарлаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. З аттай айғақтар тәркіленді » , - деп атап өт т і департаменттен.

Ведомство мәліметінше, күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны анықталған.

« Оның бұған дейін жасалған өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Аталған азаматтың заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне мына мекенжай немесе телефон нөмірлері арқылы жүгінуін өтінеміз: Бейбітшілік к. 19, (7172) 71-61-51; 71-66-40 не 102 нөмірі » ,- дейді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT