+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Елордада лингвистерді даярлау мәселесі талқыланды

2020 жылғы 30 қараша 23:36
Бөлісіңіз:
Елордада лингвистерді даярлау мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тіл білімі мамандары мен жұмыс берушілер Консультативті кеңесте жиналып, қостілді білім беруді дамытудың жолдарын талқылады.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық оқушы қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда қазақ-ағылшын тілдерін бірдей деңгейде білетін кәсіби лингвистердің жоқтығы - өзекті мәселелердің бірі.

Кездесу барысында қазақ тілін халықаралық қатынастарда қолданудың жолдары мен«Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының траекториясы талқыланды. Аталған бағдарлама қазақ және ағылшын тілдері бойынша қостілді мамандарды даярлауға бағытталған.

«Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында алғаш болып «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды біздің университет бастады. Біз студенттерге ағылшын тілін басынан бастап үйретеміз. Қазақ және ағылшын тілді жоғары кәсіби лингвистерді даярлап, студенттерді қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударуға үйретеміз. Сондай-ақ бағдарлама түлектері медиа саласында да жұмыс істей алады», - дейді «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының жетекшісі Ақерке Салимова.

Жиынға А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы, Ұлттық тестілеу орталығы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Егемен Қазақстан» газеті, Мемлекеттік тілді дамыту қоры сынды бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты.

«КАЗГЮУ Университетінің Консультативтік Кеңесінде серіктестер студенттердің іс-тәжірибеден өту мүмкіндіктері мен бағдарламаның еңбек нарығындағы қажеттілігін атап өтті. Қатысушылар «Медиалингвистика», «Тіл және аударма» майнорларының бірегейлігін көрсететін жаңа пәндерді енгізуді ұсынды»,-делінген университеттің баспасөз-баянында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT