«Елордада ЛГБТ-қауымдастығы мүшелері мәжбүрлеп тіркелуде»: Ақпаратқа түсінік берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ЛГБТ-қауымдастығы мүшелерін мәжбүрлеп және жаппай тіркеу басталды. Әлеуметтік желіде тараған осы ақпаратқа қатысты Полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараған ақпаратқа сәйкес, жыныстық азшылық өкілдерін «педофилия үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгені туралы қолхат жазуға, жеке деректері бар сауалнаманы толтыруға, сондай-ақ саусақ іздерін тапсыруға мәжбүрлейді» екен. Кейбір жағдайларда төлқұжаттан басқа, өзімен бірге тағы екі «төлқұжаттық» фотосурет болуы керек-мыс.

«Мақалада көрсетілген дәлелдер шындыққа сәйкес келмейді. Расталмаған мәліметтерді қасақана таратқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, «Kok Team» бірлестігінің парақшасында өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар мен алаяқтар осы схема бойынша жұмыс істейтіні жазылған.

«Егер сізге суретте жазылғандағыдай сөздер айтылса (Қазақстанда гейлерді тіркеу туралы – авт.), сенбеңіз – бұл ақша бопсалау жолы. Сізге осыны айтқан адам – қылмыскер (оның не және қалай айтқанына байланысты бопсалау немесе алаяқтық болып табылады). Егер олар қайта хабарласатын болса, полицияға, прокуратураға арыз беремін және құқық қорғаушыларды хабардар еттім (тіпті олай болмаса да) деп жауап беріңіз, – деп ескертеді белсенділер .

Қазақстанда ЛГБТ өкілдері заңмен қудаланбайды. Гейлерді міндетті түрде тіркеу туралы хабарлама – жалған.

Еске салайық, Қазақстанда карантин кезінде ЛГБТ қауымдастығына мүшелікке өткен жасөспірімдер саны артқаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар