Елордада Lexus Газель көлігін бүйірінен соғып, аударып тастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Республика даңғылында Lexus Газель көлігін бүйірінен соңып, аударып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Газель көлігінің жүргізушісі Республика даңғылынмен келе жатып, оңға бұрылу кезінде маневр жасаудың қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Соның салдарынан BusLane жолағымен келе жатқан Lexus көлігі бүйірінен келіп соққан.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде Газель жолаушысы мен Lexus жүргізушісі зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар