Елордада лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі бүгін түнде жойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лаңкестікпен күрес жөніндегі елордалық жедел штаб мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында ахуал тұрақтанған. Осыған орай, 27 қаңтар күні сағат 00:00-ден бастап қала аумағынан лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейін алып тастау туралы шешім қабылданған.

«Күштік құрылымдардың бөлімшелері жұмыстың штаттық режиміне көшті. Азаматтардың түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік көрсете білгені үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтеді штабтан.


Соңғы жаңалықтар