+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елордада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

2019 жылғы 21 қыркүйек 11:08
Бөлісіңіз:
Елордада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл астанада 30 жәрмеңке өтіп, онда 7 мың тонна өнім ұсынылды - әкім Елорда әкімі өңірлерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді Жәрмеңке: СҚО елордаға 100-ден астам тауар түрін жеткізді

Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты аудандардан 355 тонна өнім түрлерін 24 автокөлікп жеткізген. Сыр өңірінің тауар өндірушілері 40-тан астам өнім түрін, оның ішінде 100 тонна күріш, 174 тонна қауын, қарбыз, асқабақ сынды бақша дақылдарын, 5 тонна сүт өнімдерін, 16 тонна балық, 45 тонна, картоп, басты пияз, қияр, қызанақ, 3,5 тонна жеміс, 10 тонна ас тұзын, 1,5тонна Қызылорда конфеттерін саудалап жатыр.



«Облыстың ауыл шаруашылығы саласы соңғы 5 жылда жоғары көрсеткіштерді көрсетуде. Облыстың ішкі жалпы өнімінің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 2,5 пайыздан 3,7 пайызға артты, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 45,9 есеге, ал тамақ өнімдерін өндіру 10,0 пайызға өсті. Шаруашылық субъектілерінде соңғы 5 жылда ет өндіру 73,9, сүт 31,6 пайызға артты», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов.

Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артық егілген. Егінге орақ салу жұмыстары 20 тамыздан басталды. Бүгінгі күні 87,9 мың гектар күріштің 37 247 гектары орылды.,Ооның 29 102 гектары бастырылып, 143,8 мың тонна өнім алынды. Орта өнім 49,4 гектарына центнерді құрайды. Күріш жинау жұмыстары жалғасуда.

«2019 жылы жалпы құны 8 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылуда. Үстіміздегі жылдың 1 тамызына ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 93,6 пайызды құрайды. Оның ішінде күріш экспорты 84,9 пайыз болса, бақша дақылдары 8 есеге, көкөністер 2,6 есеге артты. Ағымдағы жылы Иран Ислам Республикасына 789 бас қой және Өзбекстан мемлекетіне 59 бас түйе, 250 бас ірі қара, Біріккен Араб Әмірліктеріне 950 бас қой жөнелтілді. Жыл соңына дейін Иран мемлекетіне 150 бас ірі қара, БАӘ-ге 1000 бас ірі қара және 200 бас қой, сондай-ақ бақша дақылдарын экспорттау жоспарланып отыр», - деді ол.


Ал Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, өңірдің тауар өндірушілері елордаға 215 тоннаға жуық өнім жеткізілген.

«Облыстың тауар өндірушілері құс, жылқы, сиыр, қой етін, көкөністер, сүт өнімдерін, макорон, кондитерлік өнімдерді алып келді. Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайызға арзан. Сондықтан таңертеңнен келіп сауда жасап жатқан елордалықтардың қарасы қалың. Сиыр етін 1500, жылқы етін 1700, қой етін 1300-ден сатып жатырмыз», - деді басқарма басшысы.








Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Азық-түлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT