Елордада қыз балаларға арналған хоккей секциясы ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау бойынша әкімдіктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының әрбір жеңімпазының өз тарихы бар. Олар - еліміздің талантты әрі қойған мақсатына жете алатын тұлғалары. Жоба өкілдерінің арасында әртүрлі салада қызмет ететін адамдар бар. Олардың қатарында ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін реабилитолог, әлем әдебиетінің аудармашысы, оқушыға пәнді түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар олардың жүректерінде пәндерді оқуға деген сүйіспеншілікті оята алатын мұғалімдер де бар. Сондай-ақ робот техникасы, экология, медицина, заманауи өнер, IT, инженерия және сәулет, ғылым және инновация, спорт және т. б. салалардың өкілдері де бар», - деді елорда әкімі.

Алтай Көлгінов АҚШ хоккей клубының жаттықтырушысы болған Бұлбұл Қартанбаймен кездескен.

«Бұл прогрессивті жастардың әдемі әңгімелері ғана емес, өз мысалында мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдейтін, өз тәжірибесімен бөлісетін және жобаларды өмірде жүзеге асыратын адамдар туралы.

Бүгін АҚШ хоккей клубының жаттықтырушысы болған Бұлбұл Қартанбаймен кездестім. Ол аталған спорт түріндегі алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр. Бұлбұлмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өз тарапымыздан оған елордамызда қыздарға арналған хоккей секциясын ашуға көмектесеміз», - деді әкім.

Оның айтуынша, спорт - әрқайсымыздың өмірімізде маңызды рөл атқарады. «Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау үшін қажетті жағдай жасаймыз: спорт нысандарын жөндейміз, жаңа спорт кешендерін ашамыз, мысалы Елбасының тапсырмасы бойынша Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешені салынды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақ, сквер, бульвар) мен аулаларды абаттандырамыз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияларын қолдаймыз. Осының барлығы спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруға, сол арқылы өзіміздің болашақ спорт жұлдыздарымызды және сапалы жаттықтырушы құрамын өсіруге, сондай-ақ қала тұрғындарын бұқаралық спортқа баулуға, елордамызда халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге және т.б. мүмкіндік береді», - деді Алтай Көлгінов .


Соңғы жаңалықтар