+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Елордада КВИ жұқтырған жүкті әйелдер босанатын жеке перзентхана ашылады

2020 жылғы 17 маусым 15:48
Бөлісіңіз:
Елордада КВИ жұқтырған жүкті әйелдер босанатын жеке перзентхана ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДДСҰ коронавирус жұқтырудың рекордтық өсімін тіркеді Қазақстанда өткен тәулікте 117 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Тағы 148 адамнан коронавирус анықталды

«Қазірге дейін қаланың инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырған аналар 17 нәрестені дүниеге әкелді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияға шалдыққан 112 жүкті әйел тіркелді. Оның ішінде стационарларда 78 жүкті әйел бар», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Қазіргі кезде жұмылдырылған стационарлар саны 10-ға жетті. Қосымша провизорлық стационарлардағы орындар саны 300-ден 705-ке дейін жеткізілді. Бүгін жұмыс күні аяқталғанға дейін бөлек перзентханыны немесе COVID-перинаталдық орталықты ашу көзделген. Яғни, осы іс қайта бейіндеу есебінен жүзеге асырылады», - деді Сәуле Қисықова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT