Елордада КВИ-дің екінші толқынына дайындық қандай – басқарма басшысының жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өкпені жасанды желдету аппаратының жалпы саны 434-ке жеткізілді. Бұл туралы Аntikor.live жобасында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажет болған жағдайда біз бір уақытта 18 денсаулық сақтау нысанын қайта өзгертіп, төсек-орын санын 6 мыңға дейін арттыра аламыз. Қалалық әкімдік біраз жұмыстар жүргізді. Біз өкпені желдету аппаратының санын көбейттік. Бастапқыда олардың саны 185 болса, қазір олардың жалпы саны 434-ке жетті. Қуанышқа орай, коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары өз жемісін беруде. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 174 адамның 8-і өкпені желдету аппаратына қосылған. Бұл амбулаторлық желінің тиімді және тұрақты жұмыс істейтіндігін көрсетеді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елордалық мобильді топтар антикоагулянттар, дәрумендер мен антипиретиктерді үйге жеткізіп береді. Үш күндік бақылау жүргізген кезде дене қызуы көтеріліп кеткен жағдайда ғана науқас ауруханаға жатқызылып, қосымша тексеруден өтеді.

«Қазіргі уақытта қалада 27 рентген қондырғысы жұмыс істейді, оның 11-і биыл жаңартылды. Кейбір ірі емханада рентген аппараттарының саны екі есеге артты. Қазір 19 компьютерлік томография жұмыс істейді. Егер науқас клиникаға өз бетінше жүгінсе, оны фильтр кабинетінде қабылдайды. Егер науқас 103 нөміріне хабарласса, оны емханаға бағыттайды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар